Өсімдікке морфологиялық сипаттама жоспары: 1. Өсімдік атауы.(Алма ағашы)
2. Тіршілік ету пішіні (ағаш, бұта, бұташық, шөп).
3. Біржылдық немесе к қ өсімдік.
4. Жерасты және жерүсті бөліктеріне сипаттама.
5. Өркенiнiң типі.
6. Жапырағының орналасуы.
7. Жапырағы қарапайым немесе күрделі.
8. Гүлінің құрылымы.
9. Жемісінің типі.
10. Өсімдіктің өсетін жері.
3 тапсырма
Адамдар дос таңдағанда оның сырт келбетіне емес, оның байлығына емес адалдылығына қарап таңдау керек. Егер сен жақсы, адал адаммен дос болсаң ол саған жақсылық ойлайды. Егер саған бір жамандық болса зу етіп келеді Сен мұңайсаң сенімен бірге мұңайып, сен қуансаң сенмен бірге қуанады. Ол саған гүрс етіп сөйлемейді. Жалпы адал дос сені сатпайды.
Ал жаман адаммен дос болсаң ол саған ешқашан жақсылық ойламйды. Артыңнан күңк-күңк етіп өсек айтып жүреді. Ондай достың ешқандай да керекгі жоқ. Ол саған жамандық ойламаса жақсылық ойламайды. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады". Жаман достың түпкі ойы тек саған деген жамандық болады. Бұндай досың болғанша болмағаны артық.
Сенің досың адал болса, сенде оған корған, адал дос болуға міндеттісің!
4 тапсырма
Достар бір біріне жанашыр болу керек. Сен қандай болсаң сенің досыңда сондай болады. Сол үшін алдымен өзіңді жөндеу керексің."Досың болғанға шаттан, жаманмен дос болудан сақтан". Бұл мақал бекер атылмаған. Досыңды бағалай білу керек. Әр адамның дос таңдағанда асығы алшасынан түссін ! Нағыз достар тонның ішкі бауындай болу керек.
Міні жауабы басында 1 тапсырма мен 2 тапсырманы сурет қылып жібердім. қалған екі тапсырманы жазып жібердім. суреттің ішіндегі тапсырмалардың жазылуында кейбір қателер бар. Оны өзіңіз түсеп жазарсыз. уайымдамай жаза беріңіз мен бжбдан макс алдым
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.