Сән әлемінің тарихы Бос орындарға қажетті күрделі сөздерді қой.
Қазақ _ киімінің негізгі ерекшелігі – тұла бойды жауып тұратындығында. Әйелдің киімі, әсіресе, оның _ жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты өзгеріп отырған. Қазақ киімі өзге ұлттардағыдай аса шеберлікпен, дәлдікпен, әсемдікпен тігілген.
Қажетті сөздер: баскиімі, қыз-келіншектер.
Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай құнаннан.
Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.
Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
Сексен – жермен-жексен. Көп жасаған құрдасынан айрылар.
Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің.
Шөп те басынан қурайды.
Ат қартайса ұрыншақ болады,
Ер қартайса, жаңылшақ болады. Ат
тұяғын ат басар.
Ат қартайса, есекпенен достасады
. Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған.
Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
Жастық – жалын, кәрілік – күл. Жаман жігіт жасында шал.
Кәрілік – дауасыз дерт. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті. Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.