Менің есімім Ғазиза. Бұл есімді əкем қойған. Анам мен əкемнің Ғазиза деген достары болыпты. Барлығы тойлап отқан кезде сол кісі менің мамам босанардан бұрын əкеме былай депті: "Осыдан жұбайың қыз туса оған менің атымды бересің". Əкем келісіп, атым солай қойылды.
Мағынасы əкемнің айтуы бойынша "Ғазиз" деген сөзден шыққан. Ол қазақ сөзінде кең, кеңпейіл байтақ деген мағынаны білдіреді екен. Сол "Ғазиз" деген сөзге орыс тілі бойынша -а суффикс жалғап женский род жасаған. Ал араб тілінен "Ғазиз" сөзі қымбат, асыл деген мағына береді екен.
Отбасы мүшелерінің табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама. Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз? Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек. Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім. Ата: Өркенің өссін, құлыным! Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз? Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма? Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс. Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат дәрумендерді қолданасыз? Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін. Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз? Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын. Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.
Менің есімім Ғазиза. Бұл есімді əкем қойған. Анам мен əкемнің Ғазиза деген достары болыпты. Барлығы тойлап отқан кезде сол кісі менің мамам босанардан бұрын əкеме былай депті: "Осыдан жұбайың қыз туса оған менің атымды бересің". Əкем келісіп, атым солай қойылды.
Мағынасы əкемнің айтуы бойынша "Ғазиз" деген сөзден шыққан. Ол қазақ сөзінде кең, кеңпейіл байтақ деген мағынаны білдіреді екен. Сол "Ғазиз" деген сөзге орыс тілі бойынша -а суффикс жалғап женский род жасаған. Ал араб тілінен "Ғазиз" сөзі қымбат, асыл деген мағына береді екен.
Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз?
Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек.
Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім.
Ата: Өркенің өссін, құлыным!
Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз?
Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек.
Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма?
Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс.
Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат дәрумендерді қолданасыз?
Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін.
Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз?
Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын.
Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.