В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Write23
Write23
30.01.2022 13:06 •  Қазақ тiлi

Сұрақтар: 1. Абайдың табиғат лирикасына
арналған қандай өлеңдерін
білесіңдер?
2. Жыл мезгілдеріне арналған қандай
өлеңдері бар?
3. Абай жыл мезгілдерін қандай
адамдармен теңейді? Неге?​

Показать ответ
Ответ:
ВіКтОрІя0901
ВіКтОрІя0901
28.11.2020 16:04

1. Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы.«Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Күз», «Қыс», «Жаз»

2. «Күз»,«Жазғытұрым»,  «Қыс», «Жаз»

3. «Жыл мезгілдері» Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерін суреттеуді дербес жанр етіп калыптастырды. Жылдың төрт мезгілін көркем бейнелейтін «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». «Қыс» тағы басқа өлеңдеріңде табиғат суреттері өздерінің бар бояуымен, ақиқат қалпыңда, жаңды күйіңде көрінеді. Ақын табиғат көрінісін сол көздегі қазақ өмірінің тұрмыс тіршілігімен байланыстыра қарастырады.

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі»,

деп басталатын «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жайма-шуақ, жылы лебі есілгендей сезіледі. Өлеңнен мал баққан қазақ аулы тіршілігінің әр алуан көрінісі орын алған. Қазақ халқында жыл басы - наурыз айының «Ұлыстың Ұлы күнінен» басталатыны белгілі. Ақын жазғытұры деп, көктемнің осы кезеңін айтып отыр. «Жаз» өлеңінде адам мен табиғат туралы тақырып өзара ұластырыла, тұтас күйде алынған. Жазғы жайлауға көшіп қонған ауылдың бейнесі табиғаттың ғажайып бояуларымен ұштастырыла суреттелген. Жыл мезгілдерінің жадау да жабырқау, қайыршыдай жұтаң бір кезін суреттеуден басталатын «Күзде» ақын ескі ауыл тіршілігін, кедейлердің сол күз күніндей күйзелген, тоналған тұрмысын бейнелейді.

«Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей тұсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай»

-

деп, табиғаттың реңсіздігін қайыршы шал-кемпірге теңейді. Ақын қыс мезгіліне портреттік сипаттама бере, мінездей келіп, оны жанды адам бейнесінде суреттейді:

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды».

Ақын табиғат суреттерін адамның әр алуан көңіл күйлері, сыр-сезімдерімен ұштастыра жырлайды. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ауылдың жанында гүрілдеп аққан өзен, сәулесі суда дірілдеген жарық ай, жапырақтары сыбдырлай, сыр шерткен тәрізді қалың ағаштар, тау жаңғыртқан ән, манаураған желсіз түн аясында кездесіп, тіл қатпай, үнсіз ұғынысқан екі жас ғажайып сырлы бояумен әсем бейнеленген. Абай жыл мезгілдері жайындағы өлеңдерінде табиғат суреттері арқылы әлеуметтік өмір шындығын терең ашқан.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота