Сұрақтар : 1. Көрермендердіңтеатрға деген көзқарастары неліктен өзгерді деп ойлайсың ? 2. Өзбекстандық режиссердың « Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін » , - деуінің себебі неде ? 3. Көрермен деңгейінің театрдан « биік жетіліп » кеткендігін қалай түсінесің ?
Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздік алып ,өз алдына жеке мемлекет болды.Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Осы жолда аталарымыздың қаны, аналарымыздың жасы төгілді.Сонымен қатар 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасында ҚайратРысқұлбеков,Ляззат Асанова,Ербол Сыпатаев Сабира Мухаметжанова Тәуелсіздік үшін жандарын қиды.Тәуелсіздік жолы-ұлы жол.Әр адамның арманы--тәуелсіз Отанының болуы. Тәуелсіздік --ел бақыты. Тәуелсіздік -барлық қазақстандар үшін аса қасиетті құндылық -депЕлбасы тегін айтпаған.
Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа – қажылыққа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. «Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы («Мұхтасар” ). Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын” дейді. Ауру, ақсақ , соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып дұға оқылады, бата беріледі.
Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды «Айттық” сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. «Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың….” ( Б. Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Ораза айт пен құрбан айт. Орта Азия халықтары сияқты, Қазақ арасына да ислам діні тараған. Содан кейін ел ішіне аса маңызды діни мейрамдар мен дәстүрлер де Қоса еніп, жатырқаусыз Қабылданған. Заманнан заман өте келе оның сарыны санаға сіңіп, Ұлттық сипатқа айналған. Сондай халықтық мейрамның бірі — Ораза айт. Бұл ислам дінінің ережесі бойынша арнайы белгіленген айда жыл сайын отыз күн ораза Ұстап, ауыз бекіту парызы өтеліп біткеннен кейін ауыз ашып, тамақты еркін ішіп-жеуге жол берілетін алланың рақымы. Ауыз ашудың рәсімі басталған соң, Ұдайы Үш күн мереке салтанаты жасалады. Мұсылмандар барлық жұмысты, шаруаны тоқтатып, сол күндері емін-еркін ойнап-күлуге ерікті. өз ниетінің Қуанышты мерейіне бөленуге тиіс.