Сұрақтар:
1.«Лазурит жолы» қай мыңжылдықта пайда болған?
2. «Лазурит» деген не? (көктас)
3. Лазурит жолымен саудагерлер қандай мемлекеттерге осы тасты тасымалдаған?
4.«Нефрит жолы» қашан іске қосылды?
5. Нефрит деген не? (минерал)
6. Нефрит қай жерде өндірілген?
7.Қытай елшісі Чжан Цянь б.з.б. 126 жылы еліне оралғаннан кейін, иимператорға қандай хабар жеткізеді?
8.Б.з.б.121 жылы алғашқы керуен Қытайдан қай жерге дейін жол тартты?
9.Ұлы Жібек жолының оңтүстік бөлігінің бағытын анықтаңдар. (қайдан шығып, қай елдерге дейін жетті)
10. Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігінің бағытын анықтаңдар. (қайдан шығып, қай елдерге дейін жетті)
ответ:
«боинг 767-300er» – кең фюзеляжды, ұзақ қашықтыққа ұшатын ұшақ. бұл әуекеменің әрқайсысының қуаты 27 тоннаға жететін екі pratt & whitney қозғалтқышы бар. әуекеме 10 550 км астам қашықтыққа сағатына орташа есеппен алғанда 900 км қпен ұша алады. әуекеме салоны 30 жатын бизнес-класс және 193 эконом-класс орындықтарымен жабдықталған. әр орында алдыңғы орындықтың арқасына орналастырылған дербес ойын-сауық жүйесі бар.
«боинг 767-300er» алыс қашықтықтағы халықаралық бағыттарға ұшады.
Хеопс пирамидасының сырлары.
Пирамиданы адам салғаны рас па?
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.
Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.
Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.
Таңғаларлық деректер
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.