Бурабай Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Көкшетаудың інжуі, ғажап бір мекен. Қазақстанның солтүстігінде, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында орналасқан тылсым сұлулыққа толы көрікті жер. «Бурабай» сөзі қазақ тілінен «түйе» деп аударылады. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары көсіліп жатыр. Оның ең үлкен шоқысы Жеке батыр (826 м) деп аталады. Тамаша қарағайлы ормандар, биік құз жартастар, кейде мысыр пирамидаларын еріксіз есіңе салатын тау сілемдері тұнжыр да тыныш көлдермен бөлінген. Орман, дала, шабындық, батпақ пен сортаң жерлердің өсімдік өкілдерінен тұратын парк аймағының өсімдіктер саны 800-ге тартады. Осы өңірде омыртқалы жануарлардың 305 түрі кездеседі. Шортанды Бурабай аймағында әрқайсысының су айдыны 1 шаршы километрге жуық 14 үлкен және ұсақ көлдер кездеседі. Бурабайдың бетке ұстар мақтанышы Көгілдір көліндегі Көгілдір шығанағы. Сфинкске келетін Жұмбақтас құзы тура судың ішінен суырылып көкке ұмтылса, шыңы пілге ұқсайтын Оқжетпес құзы орманды алқаптың айбынын арттырғандай. Шортанды Бурабай курорттық аймақтың жалпы ауданы 159,932 гектарды құрайды, оның 53,0 мың. гектары ағаш алабының үлесіне тиеді. Бурабай ұлттық табиғи паркі табиғаттың бірегей жәдігерлері кірген, аса мұқият қорғалатын табиғат аймақтарына жататын мекеме болып табылады. Аймаққа санаторий, профилакторий, пансионат, туристік базалар, мейрамханалар мен қонақ үйлер, барлығын қосқанда 76 демалыс орындары орналасқан. Бұл жердің курорттарының негізгі шипалық факторлары табиғат, таза ауа, шуақты күн сәулесі, шұбат, қымыз сияқты шипалы сусын, минералды сулар мен шипалы саз балшықтар. Шортанды-Бурабай курорттық аймақтың табиғи-климаттық жағдайын Италияның, Австрияның, Германияның, Швецарияның, Францияның, Румыния елдерінің бальнеологиялық, таулы жерде орналасқан атақты курорттарымен салыстыруға негіз бар. Бурабай жайлы жазылған аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі Оқжетпес… Оқжетпес тауы Әулиекөл жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады. Бурабай жері тарихқа бай әрі аңыз-әңгімелерге толы. Айта берсек көп-ақ. Дегенмен де, қазақ елінің осындай көрікті жерлері жайлы мәлімет алып, хабардар болу әрбір болашақтың міндеті. Ақын Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында. Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көк желекті аппақ қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі Балқытып мыс қылады иіс майы.- деп керемет жырлаған.
АСҚАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолесвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40-50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15-18% құрғақ заттар, 8-10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20-40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өмсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын к қ өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге жатады. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі – дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.
Ғылыми жобаның мақсаты: Асқабақ дақылын зерттей отырып оның емдік және пайдалы қасиеттерін білу, өсіру, қорғау жолдарын қарастыру.
Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Көкшетаудың інжуі, ғажап бір мекен. Қазақстанның солтүстігінде, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында орналасқан тылсым сұлулыққа толы көрікті жер. «Бурабай» сөзі қазақ тілінен «түйе» деп аударылады. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары көсіліп жатыр. Оның ең үлкен шоқысы Жеке батыр (826 м) деп аталады. Тамаша қарағайлы ормандар, биік құз жартастар, кейде мысыр пирамидаларын еріксіз есіңе салатын тау сілемдері тұнжыр да тыныш көлдермен бөлінген. Орман, дала, шабындық, батпақ пен сортаң жерлердің өсімдік өкілдерінен тұратын парк аймағының өсімдіктер саны 800-ге тартады. Осы өңірде омыртқалы жануарлардың 305 түрі кездеседі. Шортанды Бурабай аймағында әрқайсысының су айдыны 1 шаршы километрге жуық 14 үлкен және ұсақ көлдер кездеседі.
Бурабайдың бетке ұстар мақтанышы Көгілдір көліндегі Көгілдір шығанағы. Сфинкске келетін Жұмбақтас құзы тура судың ішінен суырылып көкке ұмтылса, шыңы пілге ұқсайтын Оқжетпес құзы орманды алқаптың айбынын арттырғандай. Шортанды Бурабай курорттық аймақтың жалпы ауданы 159,932 гектарды құрайды, оның 53,0 мың.
гектары ағаш алабының үлесіне тиеді. Бурабай ұлттық табиғи паркі табиғаттың бірегей жәдігерлері кірген, аса мұқият қорғалатын табиғат аймақтарына жататын мекеме болып табылады. Аймаққа санаторий, профилакторий, пансионат, туристік базалар, мейрамханалар мен қонақ үйлер, барлығын қосқанда 76 демалыс орындары орналасқан. Бұл жердің курорттарының негізгі шипалық факторлары табиғат, таза ауа, шуақты күн сәулесі, шұбат, қымыз сияқты шипалы сусын, минералды сулар мен шипалы саз балшықтар.
Шортанды-Бурабай курорттық аймақтың табиғи-климаттық жағдайын Италияның, Австрияның, Германияның, Швецарияның, Францияның, Румыния елдерінің бальнеологиялық, таулы жерде орналасқан атақты курорттарымен салыстыруға негіз бар.
Бурабай жайлы жазылған аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі Оқжетпес…
Оқжетпес тауы
Әулиекөл жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады.
Бурабай жері тарихқа бай әрі аңыз-әңгімелерге толы. Айта берсек көп-ақ. Дегенмен де, қазақ елінің осындай көрікті жерлері жайлы мәлімет алып, хабардар болу әрбір болашақтың міндеті.
Ақын Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында.
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мыс қылады иіс майы.- деп керемет жырлаған.
ДӘРУМЕНГЕ БАЙ - АСҚАБАҚ