Сұрақтарға жауап жазыңыз: 1. Қазақтардың қалыптасуы қанша кезеңнен
тұрды?
2. Қазақ хандығы құрылған ғасыр;
3. "Еркін", "кезбе" деген мағынаны білдіретін
сөз;
4. Бұрындық хан кімнің баласы?
5. Қазақтың алғашқ ханы;
6. Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханнан
бөлінгеннен кейін қоныстанған жер аты;
7. Керей ханнан кейін Қазақтың ханы кім
болды?
8. Қазақ хандығының құрылғандығы туралы
жазылған шығарма аты;
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бала кезінен өте зерек болып,төрт жасында хат таниды.
Мағжан Жұмабаев алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан.
Мағжан 1910 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, мұнда шығыс тілдерін үйренеді.
Мағжан орыс тілін жетік меңгергенінің арқасында Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон,Гете сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мағжан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кіші кезінен сусындап өскендіктен, тұңғыш рет Абай атамызға арнап"Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға"атты өлең жазады.
Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген.
Тамшылардың диаметрі 0,5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.