Сұрақтар мен тапсырмалар логия, гендік инженерия. 1. Негізгі ұғымдарға түсініктеме беріңдер: нанотехнология, биотехно- 2. Қалай ойлайсыңдар, гендік инженерия адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шеше ала ма? Мысал келтіріңдер, пікірлерiндi 3. Дүниежүзінде және Қазақстанда ғарыштық ғылымның дамуын Жауап беру үшін интернет ресурстарын пайдаланыңдар. Талқылап, бағалаңдар. Бұл ғылымның болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар? талқылап, бір-біріңнің жауаптарыңды бағалаңдар. жауаптарыңды бағалаңдар.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.