В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kontik20033002
kontik20033002
13.08.2022 10:50 •  Қазақ тiлi

с СОР по казахскому языку задания во вложении​


с СОР по казахскому языку задания во вложении​

Показать ответ
Ответ:
Мозг66615
Мозг66615
25.04.2020 06:29
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз. Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық. Он екі айда он үш той. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде ада Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.         Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.  Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар,    Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Тоғыз қатынның толғағы бір келді, Тоғыз ат бір қазыққа байланбас 
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді. Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық.   Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды. Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді.   Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады  Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.  Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. 
Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.  
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. 
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас  Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді 
Ағайын – алтау, ана – біреу. 
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп. 
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. 
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың. 
Шындық – сегіз, бақыт егіз, 
Ер- егіз, еңбек- жалғыз, 
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,         Еңбек пен бақыт – егіз 
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады 
Қорқаққа қос көрінер, 
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,  
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .
0,0(0 оценок)
Ответ:
Vankoed
Vankoed
20.10.2021 14:36
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота