шапан — қазақтын ежелгі әрі кәделі киімі.[1] ол қазақстан мен орта азия халықтарының ұлттық киімі болып табылады. оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. қазақ халқының арасында сыйлы ға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.[2
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
шапан — қазақтын ежелгі әрі кәделі киімі.[1] ол қазақстан мен орта азия халықтарының ұлттық киімі болып табылады. оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. қазақ халқының арасында сыйлы ға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.[2
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/113-dos.html
© www.ZHARAR.com