Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,киімге деген талғампаздық адамның өзіне сынкөзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны куып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын.
Жалпы адамдар бір - бірінен мінезі, дене тұрқы мен сырт келбеті өзгешеленгенмен, барлығы бірдей болып туылады. Ал адам бойына адами қасиеттер тәрбиесі мен қоршаған ортасына байланысты қалыптасады.
Адам бойында жақсы - жаманды қасиеттер қатар жүреді. Менің ойымша, әрбір адам бойында адамгершілік, кішіпейілділік, сыпайылық, адалдық, еңбекқорлық, табандылық т.б. секілді жақсы қасиеттер кездестіруге болады.
Ал ішкі жан дүниесі мен сыртқы сұлулығы астасып жатқан адам нағыз адам деген атқа лайықты болады деп есептеймін. Нағыз адам қарапайым болып, өзгелерге қол ұшын созуға дайын болып, менмендікке жол бермейді.