С ТЕСТОМ 1. Етістіктің тіркесін тап.
A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы
B) Басы жеткенше D) Жаманның басы
2.Қандай байланыс түрі : Мен естідім.
A) Матасу C) Қиысу
B) Жанасу D) Меңгеру
3. Меңгеруді тап:
A) Сынға түсті C) Аман келді
B) Біздің өлке D) Кең дала
4. Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру
B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу
5.Берілген ретінде қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта: Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.
A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу
B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу
6. Есімді тіркесті тап.
А) Үлкен үй. C) Тағы да келді.
В) Он шақты. D) Онға жуық.
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдалану.[1] Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, өлар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы