Сүйінбай Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы». 1-сабақ Қатаған айтқан үзінділерді мазмұнымен сәйкестендір.
Қасар ұры қырғызым,
Ұрлықпенен көз ашып,
Жылқының көрген қызығын.
Өз руларын, олардан шыққан
батырларды мақтан етеді
Сары рудан қозғасам,
Тең келмес оған қаруың.
Ауадан былай көп Солта,
Найзасын тасқа жаныған.
Сол Солтының ішінде,
Қалың қара Қанайым.
Қырғыз халқының ұрлықпен байып
алғанын айтады
Қанайымды қаптатып,
Қазағым саған салайын.
Қазақ қандай, мен қандай,
Сүйінбай, сонда көрерсің.
Өз еліне сеніп сес білдіреді
Берілген екі мәтін бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Екі мәтіннің ұқсастығы: Берілген екі мәтінде де қазіргі заманда ғылымның дамып, адам өмірін жеңілдетету үшін ойлап табылған құралдар жайлы айтылған. Бұл ойлап табылған жаңа технологиялар адам өмірін жақсартады.
Айырмашылығы: Бірінші мәтінде адамсыз жүретін көліктер жайлы айтылса, ал екінші мәтін - ұялы телефон жайлы.
Негізгі идеясы: Бірінші мәтін бойынша: өзі жүретін көлік адамдардың тұрмыс – тіршілігін жеңілдетіп, қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Себебі жасыл желек көбейіп, ал көлік қоятын орындар керісінше азаяды. Кептеліс пен апаттар азайып, жүріп – тұру оңай болады. Сонымен қатар, бос уақыт та көбейеді.
Екінші мәтін бойынша: «Самсунг» компаниясының смартфондары мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас құрал болмақ, тіпті қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен тыңдайтын өлеңдерді таңдауға болады.
Мақсатты аудиториясы: Бірінші мәтін бойынша: көлік жүргізе алатын барлық азаматтар.
Екінші мәтін бойынша: бұл құрылғы тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сонымен қатар барша тұтынушыларға қажет әрі ыңғайлы болмақ деп есептеймін.
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.
Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру