Сөйлем мүшесіне талдау. хабарлы, жай сөйлем, жайылма, жакты, толымсыз ба соңы табу.
1.Балаларға қарама-қарсы жайғасқан жазушы өз әңгімесін бастады.
2.Сұрақтарға жауап берді.
3.Мәншүк Әлия туралы естеліктер айтты.
4.Балалар жазушы шығармаларынан үзінді оқыды.
5.Кездесу соңы концертке ұласты.
2.Жазылым.
"Батыр туса-ел ырысы"
"Батыр туса-ел ырысы" бұл сөзді сіз қалай түсінесіз? Батыр дегенде-елді,жерді,халқын қорғайтын адам еске түседі. Иә,бұл рас. Батыр әр кезде қаһарман істер жасайды,ешқашан халқын жылатпайтын болған. Әттең,қазір батырлар аз. Тек кейбірлері көзге көрінбесе,өмірде іспен емес,сөзбен шешетіндер көп.Жә,мейлі енді батырдың не үшін елге қуаныш екенін талқылайық. Себебін өздеріңіз де түсінген боларсыздар. Батыр-әр кез тура бермейтін, қайталанбайтын көсем. Міне,сол үшін де біздің де қуанып,тамсанатынымыздің себебі осы.
Досыма хат
Сәлем жағдайың қалай? Мәскеу ұнап жатырма. Мен болсам қазір Алматыда жүрмін.Бұл жердің табиғаты өте керемет. Тек Алматы ғана емес, Қазақстанның барлық жерлерінде көрікті мекендер бар. Баянауыл ұлттық саябағы, Алтынемел ұлттық саябағы бұлар өте әсем жерлер. Табиғатының әсемділігі соншалық, көрсең көзін тоймайды. Бурабай демалыс орнында айта кету керек. Жазда туристер өте көп баратын жер ғой. Шарын каньоны да баруға тұрарлық жер. Шет елдегі Колорадо каньоны деп ойлап қаласың. Қазақстанның көрікті жерлерін айта берсен өте көп. Мың рет естігенше, бір рет көп деген сөз бар емес пе, сондықтан сені осы жаққа шақырамын. Сау бол, досым. Сені келесі жолы Қазақстанда күтемін.
Сәлеммен "Аты-жөні" 2020 жыл