Сөйлемді жалғастырыңыз Жақсы өмір-бұл ... Бақытты адам-бұл ... Мен адамдардың ... жоғары бағалаймын. Менің өмірімнің маңызы мынада ... Менің өмірім-ол Айналадағы әлем-ол ... Менің жақсы қасиетім көп,мысалы ...
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань, Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шекарасы бар.
Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы жақын маңдағы елді мекендерді қоса есептегенде 700 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен оңтүстікке қарай – 8 км, батыстан – 12 км. Қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала халқының жалпы саны – 240 мың адам.
Ағаш егістерінің жалпы көлемі 6000 гектар, тұрғын үй қоры – 4 млн. шаршы метрден астам.
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.[2]