Сөйлемде оқшауланып тұратын сөздер Сөйлем ішінде өзге мүшелерден оқшауланып тұратын
сөздерді жиі кездестіресің. Бұл сөздер сөйлем мүшесінің
қызметін атқармайды. Тек сөйлем мағынасын айқындауға
қатысады. Сондай сөздердің бірі - одағай. Одағай сөздердің
қандай құрамдық, мағыналық ерекшеліктері барын байқап
көрелік.
1. Құрамдық түрлері: негізгі (ау, па, әй, пай, беу ); туын-
ды (бәрекелді, ойпырым-ай); күрделі (пай-пай, шөре-шөре ).
2. Мағыналық түрлері: көңіл күй (алақай, oh, қап); же-
кіру (тәйт, тек); шақыру (көс-көс, құрау-құрау ).
3. Одағай сөздер сөйлемде жай, қалыпты дауыспен айтыл-
са, үтір арқылы ажыратылады: Бәрекелді, өнерлі бала екен!
4. Одағай сөздер сөйлем ішіндегі басқа мүшелерден кө-
теріңкі, ерекше дауыспен айтылса, олардан кейін леп белгісі
қойылады: Алақай! Мен жүлдегер атандым.
• «Әдебиеттік оқу» кітабынан одағайы бар мәтін тауып, одағай
сөздерді құрамы мен мағынасына ажырат.
• Оқшау сөздерге жататын қаратпа, қыстырма сөздердің біріне
осындай бет құрастырып көр. Ол үшін қаратпа және қыстырма сөздер-
дің мағыналық ерекшеліктерін зертте. Мысалдар келтір.
• Дайындаған материалдарыңды сыныптастарыңның алдында қорға.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Каны́ш Иманта́евич Сатпа́ев (каз. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев; 31 марта [12 апреля] 1899, Караши, Степное генерал-губернаторство — 31 января 1964, Москва) — советский учёный-геолог, организатор науки и общественный деятель[1]. Один из основателей советской металлогенической науки, основоположник казахстанской школы металлогении[2][3]. Доктор геолого-минералогических наук (1942), профессор (1950), академик АН Казахской ССР (1946) и АН СССР (1946), первый президент Академии наук Казахской ССР[4]. Получил известность как геолог, открывший Улутау-Джезказганское месторождение меди, бывшее на то время крупнейшим по прогнозируемым запасам[5].