В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Kurban9595
Kurban9595
15.09.2021 01:02 •  Қазақ тiлi

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар
1. ҚБТУ-дың Қазақстандағы құрылтайшысы Қолдау көрсетіп келе жатыр
2. Университеттің қалыптасуына Президент әкімшілігі Қазақстан Үкіметі болып табылады
3. ҚБТУ-дың Британиядағы құрылтайшысы Саласында білім беру нарығында көшбасшы болып табылады
4. Британия университеттері дүниежүзінде мұнай-газ Британ кеңесі болып табылады​

Показать ответ
Ответ:
Asaboc453
Asaboc453
10.11.2020 01:04
Один день были два друга и они пошли в лес вдруг они увидели медведя они не знаю куда мне деться и вдруг один друг успел залезть на дерево и оставил своего товарища один на один с медведем друг который остался на земле и решил притвориться мертвым чтобы Медведь его не схватил а Медведь нагнулся понюхал мальчика и ушел друг мальчик а спустился с деревом и спросил у своего товарища что тебе сказал Медведь на ухо Вдруг ему отвечает он мне сказал Какой у тебя плохой друг он оставил тебя в беде даже я знаю что Друзья познаются в беде
0,0(0 оценок)
Ответ:
ТупицаТян
ТупицаТян
21.11.2020 12:50
Келу қайнары: қазақпарат әгенттігі

    астана. қазақпарат - қыстың соңғы айы ақпанның аязы бұрқасындап басталды.

    ел аузында қаңтар-ақпанға «ақпан - тоқпан, ай мүйізді алты күн. айқайлап соқпа жеті күн. қаһарлы келсе қатты күн, қырына алса қырық күн. боз тоқтыда құйрық қалды, қырлан, ақпан, қырлан!» деп айтыпты деген сөз бар.

    соғымын желтоқсанда сойып, мұрты майланып, жүрісі жәйланған шаруаның ақпанды боранның айы деп санайтыны да сондықтан.

    қаңтар салған бөгетті ақпанның бұзатыны рас. бір бүйірімізді қыздырып, бір бүйірімізді мұздатқан ақпанның әлі біртәләй күні бар. ақпанның айы расында да тұрақсыз. бірде аяздың беті қайтып, бірде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. бір жұма болды, алматының да аспаны түнеріп, жапалақтап болмаса да, жауған қардан арылмай тұр. оған суық аязын қосыңыз. ақпанның бұрқасыны да, шуақты күндері де алма кезек. ақпан айында қыс пен көктем белдесіп жатқандай әсер қалдырады бізге. әне-міне көктем келетіндей, күннің көзі жылтырап тұрғанымен, суық аяз денемізді мұздатып, тоңдырып тұр.

    қыстың тағы бір ерекшелігі - соятын соғымында. қыс келерден ерте шаруа біткен қыстық азығын әзірлейді. соның ішінде, соғымның алар орны ерекше. соғымға жылқы, түйе, сиыр сойылады. атам қазақ соғымға соятын малын ерте ұстап, жемге байлап, ерекше күтімге алады. соғымға байланған мал семіргенше, адамдар қызылсырап қалмас үшін күздігін сояды. күздік малына тайынша-торпақ, тай-құлын, карі-құртаң сойылады екен. «қараша-қауыс, карі-құртаңды тауыс» деп айтылатыны да, сондықтан болса керек. карі-құртаңды сойып алуының да өзіндік сыры бар. карі-құртаң мал қыстың қаһарлы аязын көтере алмауы да мүмкін.

    соғымға қазақ не сояды? мүмкіндігінше, жылқы сойған дұрыс дейтіндер де бар. өйткені жылқының еті қыста адамға көп күш-қуат береді, әрі суықтан қорғайды. еті дәмді, сіңімді, онымен қоса, шипалылығын ескеруіміз керек. соғымға сойылатын малды ерте бастан дайындайды. жылқы мен сиырды, түйені жемге байлап, семіртіп алады. қар бекіп, аяз басталғанда, яғни желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында сойылады. соғым желтоқсаннан ерте сойылатын болса, семіз жылқының еті тез қызып, базданып кететіндіктен, оның дәмі тез бұзылады. әрі соғым өзінің қоректык құнарлылығынан айрылып қалады.

    белгілі мәдениеттануші с.әбдіреш ұлы өзінің соғым туралы жазбасында: «қыс - жылдың өлер шағы, бұл аталық пайымды қазақтың «соғым» рәсімінен көреміз. әдетте жәй ғана тұрмыстық сипаты болғанымен, бұл етнографиялық қана құндылық емес, қазақтардың дұниетанымдық, космогониялық танымының тұрмыстық деңгеймен ұштасуы болып табылады. әдетте соғымға ірі мал сою рәсімі желтоқсан айынан басталады. желтоқсанның он төртінен басталатын тоқсан күн қысқа соғым сойып әзірленетін әрбір қазақ отауы сойылған мал етін он екі мүшеге жіліктейді, боршалайды, тұздайды, сорғытып кептіреді де қысқа сақтайды. таңбалыда қашалған күздік семіз өгіздің қысқа соғым ретінде дайындығын да көрсетіп тұр», - дейді.

    соғымға сойылған мал етін он екі мүшеге жіліктейтін себебі неде? малда он екі жіліктен де көп жілік пен сүйек бар емес пе деп ойлайтындар да бар. зерттеушілер оның жылдың он екі әйімен сәйкестігін алға тартады. он екі жылда бір мүшелге толатынын тағы ескергеніміз жөн. аспан әлемінің он екі шоқжұлдыздық құрылымын ойласақ, малдың мүшесінің он екіге жіліктелуінің себебін осыдан іздеуге болады.

    соғым сойғанда көрші-қолаң, туыс-туғандардың басы қосылып, шаруаға көмекке келетін болған. көмекке келген адамды соғым иесі еңбек ақысыз жібермеген. шаруаның ауыр, жеңіліне қарамастан тиісті ақысын берген. оны тіпті қазақтар «қол үздік» деп те атайды екен.

    «қол үздікті» - соғым сойған, етті мүшелеген адамға береді. «ауыз омыртқаны» союшы адам алады екен. ең бастысы, соғым сою - отбасы үшін үлкен қуаныш, ерекше мереке күні. бұл күні соғым иесінің үйінде алғашқы дәм «қуырдақ» әзірленеді. өкпе, бауыр, еттен дайындалған дәмді қуырдақты жеген туған-туыс, көрші-қолаң «соғым шүйгін болсын!» деп ақжарма тілегін жеткізеді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота