Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, жатыс септіктегі сөздердің астын сызыңдар. Қазақ тілінде кітап бастыру ісі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін – 19 ғасырдан басталады. Алғашқы қазақ кітаптары Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көп кітаптары Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген «Сейфімәлік» кітабынан басталған. Көп кітаптары Қазан университетіндегі Каримовтар мен Хусаиновтар баспаларынан шығып тұрды.
— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
— Көремін, өрмек тоқып жүр.
— Анау құмысрсқаны көремісің?
— Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
— Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
— Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
—Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек, — деді.
Бір кезде Аю жолығады:- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де! Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.- Жолмен домалап барамын.- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді. Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.