Сөйлемдерді( ма ,ме, ба, бе, па, пе) шылауы арқылы сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазыңыз. Бұл кісі Мараттың әкесі. Анау жатқан кітап менікі. Мамандығы — тарихшы.
Жазда Алматыға бармайсың. Ол менің қызым. Ол кісі оқиды, жұмыс істейді.
Бұл жақсы жұмыс. Біз ертең келеміз. Бұл ең танымал университет.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.