Ә) Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөзге сұрақ қой. 1) Ауылдың ішінде мәшине қатты жүрмейді. 2) Әділ ауылдың сыртында доп ойнап жүр. 3) Ауылдың айналасында өзен мен көлдер бар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.
Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.
Негізінен қызғалдақтың Отаны - Орталық Азия. Ол түрік көшпенділері арқылы Азияның басқа бөліктеріне тарап, парсы, түрік мемлекеттері патшаларының сүйікті гүліне айналды. Қызғалдақ ХҮI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетті. Осы кезден бастап, Еуропа байлары үшін қызғалдақ ерекше орын алды. Ал, голландиялық бай саудагерлер үшін қызғалдақ - байлықтың белгісі болды. Тіпті, ерекше түрлері үшін бар байлығын жұмсағандар да кездесті.
Жалпы, қызғалдақ - лалагүл тұқымдасқа жататын пияз текті к шөптесін өсімдік. Оның жүз елуге жуық жабайы түрі болса, 32 түрі Қазақстанның далалары мен тауларында өседі. Қазақстанның эндемигі болып саналады. Селекционерлердің бірнеше жылдар бойғы еңбектерінің арқасында бүгінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар.
Бұлардың биіктігі 5-50см.ге дейін. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Жемісі - қауашақ.
Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі.
Қызғалдақтың жер астындағы бөлігі көктемде қысқа уақыт ішінде дамиды. Олар 20-25күн бойы гүлдейді.
Қызғалдақтың ең алғашқы тобы сәуір айының екінші жартысынан гүлдей береді;Брийан Стар биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі қызыл қоңыр, Ибис биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі ашық сары, Электра биіктігі 20-25 см.ге дейін, түсі - шымқай қызыл (қара қошқыл), Мурильо- биіктігі 20-25см.ге дейін, түсі ақ.
Кеш гүлдейтін қызғалдақтар; мамыр айының ортасынан соңына дейін гүлдейді; Нифетос- биіктігі 60 см, сарғыш түсті, Мадам Баттерфляй- биіктігі 65-70 см, ашық сирен түсті, Принцесса Элизабет- биіктігі 45-50 см, таңқурай түсті.
Қызғалдақтар күн сәулесі мол түсетін, желден ық жерлерде өте жақсы өседі. Олар жақсы құрғатылған, құнарлы құмды топырақты сүйеді. Қызғалдақты сабағының биіктігіне байланысты жерге 12-15см. төмен егеді.
Жалпы, қызғалдақтар пиязының жанынан өсіп шығатын қосымша пиязшығы арқылы көбейеді. Олар қыркүйектің соңында жерге егіледі.
Қызғалдақтың жапырақтары сарғайғаннан кейін,оның сабақтарын жыл сайын жаз айларында (мамыр- маусым) қазып алу керек. Қазып алынған пиязшықтарын қораптарға салып, жертөледе немесе құрғақ, күн түспейтін, бірақ ауа алмасып тұратын бөлмеде, 15-17 градустық жылы жерде сақтау керек. Тіпті, жыл сайын қаза бермей жылда қазып алып, сабағын бөлсе де болады. Ол үшін жапырағын қалдырып, жаз айларында азырақ суару керек.
Қызғалдақты көшені, ауланы әдемілеу үшін көп пайдаланады. Сондай-ақ,теплицада гүлдетіп, наурыз мейрамында сатады. Әрине, бойына, түсіне байланысты қызғалдақты егу әдісі де әртүрлі. Мүмкіндігінше түр түсіне қарай қызғалдақтарды топтап еккен әдемі көрінеді. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде- кем. Осы себепті де Қазақстан - қызғалдақтың отаны болып саналады.