Көктем қыстан кейінгі екінші жыл мезгілі. Көктемнің айырықша белгілері өте көп. Мысалы, бұл мезгілде қар ериді, гүлдер гүлдейді, кұстар жылы жақтан қайтадан ұшып келеді. Көктемде күн жылый бастайды, күн ұзарады, жануарлар өз ұйқысынан тұрып, табиғат та жанданады. Көктемде түркі тектес халықтарының барлығына аян мереке болады. Ол мерекенің аты Наурыз, басқа тілдерді "Науруз", "Наврыз" және сол сияқты. Осы күнде кун мен түн теңеледі, адамдар жаратушыға бас иіп, қыстан аман-есен шыққандарына рахымшылық етеді. Көктем - әсем және көркем мезгіл. Көктем қыстың суығыменен және жаздың аптап ыстығының арасындағы көпір сияқты. Көктем мезгілін мен және менің отбасым асыға күтеміз. Мен көктем мезгілін жаңарудың, жаңа бастаманың және жанданудың символы ретінде қарастырамын.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай