Сөйлемдерден ерін үндестігіне сай айтылатын сөздерді тауып, орфоэпиясы бойынша жазыңдар.
Үлгі: жузіне - жузуне...
Күн қатты ысыған кезде су буланады. Көк жүзіне судың көзге көрінбес
буы жеңіл ауамен жоғары көтеріледі. Күн салқындағанда ауаның Жер бетіне
жақын орналасқан ең төменгі қабатындағы бу бұрынғы мөлшерін ұстай алмай
өте майда, ылғал түйіршіктеріне айналады. Содан тұман буы пайда болады.
Қала ауданы-297,39км^2 1997жылы қала әкімшілі гінің құзырына бұрынғы ақтөбе ауданың аумағы өтті. құрамында ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік аумақтық құрылымының ауданы 2338км^2 тең болады. қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және сазды су қоймалары орналасқан. Евразия құрылымының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқан дақтан қала климаты континенталды болады
Тәуелсіздік туралы өлеңдер:
"Тәуелсіздік – тірегім"
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.
"Қазақстан тәуелсіз ел"
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған...»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халақы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығындағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,
20 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!
Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!
(Авторы: Қаниев Марат)