Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз. - негізінде жағдайымыз онша жақсы емес. - тыңда дала жамбылды. - алақай келгенің жақсы болды. - пай-пай нұржан-ай тіліңіз қандай ащы! - сапарың құтты болсын қарағым! - менің ойымша бұл дұрыс шешім
1. Негізінде, жағдайымыз онша емес.
Оқшау сөз: негізінде (қыстырма).
2. Тыңда, дала, Жамбылды!
Оқшау сөз: тыңда, дала (қаратпа)
3. Алақай, келгенің жақсы болды!
Оқшау сөз: алақай (одағай)
4. Пай-пай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!
Оқшау сөз: пай-пай (одағай),Нұржан-ай (қаратпа)
5. Сапарың құтты болсын, қарағым!
Оқшау сөз: қарағым (қаратпа)
6. Менің ойымша, бұл шешім дұрыс емес.
Оқшау сөз: менің ойымша (қыстырма)