В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vladawlada
vladawlada
24.09.2020 23:44 •  Қазақ тiлi

Сөйлемдерге шылаулардың тиістісін қосып, байланыстырып жазыңдар. Шылаулар қатысқан (сондықтан, сол себепті) 2-3 сөйлеммен қорытындылаңдар.
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады. Күн батарда көк-
жиек қызыл шапақ шашса, ауа райы жылынады. Ай шалқалап туса, ауа райы
жайсыз болады. Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі. Жаз найзағайлы
болса, қыс жұмсақ өтеді. Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
берем ​

Показать ответ
Ответ:
KarinkaMalinka303
KarinkaMalinka303
24.05.2021 22:49

Романда Қаныш Сәтбаев бейнесі қазақ халқының ХХ ғасырда басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен қасіретінің куәгері ретінде ғана суреттеліп қоймайды, сол күрделі кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы тұрғысында сомдалған. Яғни, Қаныш сынды ұлы тұлғаның ғұмыр шежіресі арқылы тұтас бір тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани болмысы ашылып көрсетілген. Автор тек суреткер ретінде ғана емес, инженер-металлург ретінде де Қ.Сәтбаевтың кәсіби және ғылыми өмір жолын саралай суреттеуге келгенде қаламгерлік қарымдылығына қоса, тақырыпты кәнігі біліктілікпен игерген тереңдік танытып отырады. Ғұмырнамалық романды шынайы көркемдік биікке көтере алған себептердің бірі осы екені шәк келтірмейді.

М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айаналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған. Әсіресе, империяның кезекті репрессиялық әрекеті басталып, “ұлтшылдықты іздеу” науқаны қабындаған 50-ші жылдар зардабын, сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де, қаһарлы сыны мол кезеңді бастан кешуін романның ең бір кульминациялық шыңы деуге болады. Ет жүректі пенденің шыдау-шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын мәнінде парасаттылық пен даналықтың, азаматтық пен табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұның бәрі романда терең тебіреніспен, тегеурінді суреткерлікпен көрініс тапқан.

Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін көргендермен сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін; дәлірек айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал пайдалана білген. Бұл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауы жандандырып, бас қаһарманның өсіп-жетілу жолдарын, ғылыми-кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады.

Қ.Сәтбаев тұлғасын сомдау М.Сәрсекенің қаламгер ретіндегі ең өзекті мұратына айналғанын осындайда атап өтудің артықтығы жоқ. М.Сәрсекенің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман-эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді-кішілі 7 кітап жариялап, бұл кітаптары әлемнің 112 еліне тарапты. Ұлы тұлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, төккен тер осындай-ақ болса игі.

Сөз соңында, М.Сәрсеке роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал-құйрығы күзелмей, авторлық ой-тұжырымдар тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шәк жоқ. Сонымен бірге, “Атамұра” ба да елдік іске шынайы жанашырлықпен, кәсіби біліктілікпен, шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kristinakyzinae
kristinakyzinae
28.02.2020 18:35

ответ:Біз дене шынықтыру сабағында волейбол ойнағанды ұнатамыз. Ойын алаңы кішкентай болғандықтан, волейбол – көп күш жұмсалмайтын спорт түрі деп ойлап қалатын шығарсыздар. Бірақ, шын мәнінде, бұл ойын кезінде барлық бұлшықеттер қозғалады. Әрине, бірінші кезекте – бұл қолдар. Ал, екінші кезекте – аяқтар, себебі жиі секіруге тура келеді. Бұл спорт түрі қолдың ептілігін және күшін дамытады. Жеңіске жету үшін, командаңыз бір жұдырықтай болуы керек. Қарсыластың стратегиясын, оның күшті және әлсіз жақтарын түсіну өте маңызды. Мен волейбол ойнағанды жақсы көремін. Әр ойыннан кейін өзімді мықты сезінеміН

Объяснение:ВОТ^_^

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота