Сөйлемнен оқшау сөздерді анықта.
1 сөйлем: Кел, балалар, оқылық!
2 сөйлем: Меніңше, сабақ қызықты болды.
3 сөйлем: Алақай, демалысқа шығамыз!
1 Сөйлемнен қаратпа сөзді тап
А)кел Ә)балалар Б)оқылық
2 Сөйлемнен қыстырма сөзді тап
А)болды Ә)сабақ Б)меніңше В)қызықты
3 Сөйлемнен одағай сөзді тап
А)демалысқа Ә)шығамыз Б)алақай
4.Оқшау сөздердің неше түрі бар?
А)2 Ә)3 Б)4 В)5
Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз көреременін жинап үлгерді.Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой...