В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
yuratihonov
yuratihonov
30.06.2022 22:21 •  Қазақ тiлi

Сөйлесейік 5. Рөлдік ойынға қатыс. Көршіңмен сөйлес. Әсет: Айтыс жақсы өтті ме? Сұлтан: Әcem: Айтысқа кімдер қатысты? Сұлтан: acem: Сұлтан: Айтыста шаһардың жаңалықтары туралы айтты. Әсет: Сұлтан: Иә, ақындар маған ұнады. Оларға таңғалдым. Олар біріне-бірі өлеңмен жылдам жауап берд

Показать ответ
Ответ:
pridanivdanil
pridanivdanil
10.01.2020 08:17

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 

Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес. 

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
din46
din46
16.07.2022 16:16

Еңлік – Кебектегі» Нысан абыз өмірде болған адам ба?

Иә, Нысан есімді абыз XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» қайғы-қасіретін, халықтың азып-тозып барып, қайта ел боп құрылған қуанышын көрген. Жаугершіліктен іркіттей іріген жұрттың сүттей ұйып келе жатқан тұсында кез болған. «Жолсыз жазаны» алдын ала болжап, зар запыранын төгеді. Еңлік пен Кебектің «жазмыштан пешенесіне жазылған» ажал үкімін ол шынымен қобыз сарнату арқылы болжап білді ме? Кебектің бал аштырып, болашағын болжатқаны рас па?

Көшпелі өмір тұрмысында абыз қандай әлеуметтік-рухани орын алды, ол жағын кесіп-пішіп, үзілді-кесілді тұжырым жасау қиын. Ел басқару, рулы елді бітімдестіру, жер, жесір дауын шешу – бидің құзырына қараған. Дұшпаннан қорғау – батырдың паразы. Жұртты жұбатып-уату, еңсесін сөзбен сергіту – жыраудың тілінің ұшында. Дін – молданың қолында. Сонда абыз кімнің мүддесін қорғады?

Әрине, халықтың. Бірақ бұл Мұхтар Әуезовтің 1943 жылы қайыра жазған «Еңлік – Кебек» пьесасындағы Нысан абыз образынан соңғы қалыптасқан үғым. Тек, ішінара, қолына аса таяқ ұстаған, ақ сақалы кеудесін жапқан баба кейіпкерлердің түсінде аян береді. Ал дін уағызы күшейе түскен XIX ғасырдың екінші жартысындағы хиссаларда ол образ Қызыр пайғамбарға ауысқан. Соған қарағанда абыздың бойында ерекше бір көріпкелдік, болжағыштық қасиет болу керек сияқты. Қазақтың жауырыншы,тәуіп, бақсы ұғымдарының басын қосқан, оның үстіне ақындық қасиеті бар тұлғаны абыз деп таныған іспетті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота