Сөйлесейік 6. Сурет орнына сөздерді қойып оқы. ым. Мына кеуміз ше тамашалау ланды қаr ты болды. уралы ай ғарышка әлеміне — қазақ ғарышкері. 2. Ол болуды армандаған. 3. Ол алтын медальға бітірді. і не 4. Ол туралы оқыды. 5. Ол 2015 жылы ұшты. Оқиық және жауап берейік
А жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді.
Халықаралық «Музейлер қауымдастығы» 1889 жылы маусымның 20-сында жасақталды. Ал, 1918 жылы дүниеге келген Халықаралық Музейлер бюросы «Музеон» журналын шығарды. Оның ізін ала, ЮНЕСКО-ның «Музеум» журналы да жарық көрді. Париждің Луврында 1946 жылы Халықаралық ІСОМ Музейлер Кеңесі (International Council of Museums) құрылып, бұл ұйым ЮНЕСКО-ның құрамына енгізілді. 1977 жылы Халықаралық Музейлер Кеңесінің 11-конференциясында мамыр айының 18-і Халықаралық музей күні болып белгіленді. Содан бері жыл сайын дүние жүзінің 150-ден астам елінде кәсіби мереке ретінде ресми түрде атап өтіледі. Қазіргі таңда музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. Қазақстанда музейлер тарихы 1830 жылдан басталады. 1831 жылы Орынборда Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұған жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұрағаттар қойылды. Бүгінде бұл жәдігерлер ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қоры қатарында. Мамандардың айтуынша, біздің елімізде 1913 жылы үш музей, 1927 жылы алты музей, ал, 1937 жылы 19 музей ашылыпты. Сондай-ақ, 1939 жылы 25 музейіміз болыпты. 1970 жылы 29 музей болса, қазіргі таңда еліміздегі тарихи-өлкелік, этнографиялық, көркемсурет және мемориалды тұрғыдағы жалпы музейлердің саны 160-тан асты. 2002 жылы мамыр айынан бастап «Қазақстан музейлері» журналы шыға бастады. Астанада төрт музей қызмет етеді.