Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[1]. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды.Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.[3]
Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]