Сіз ғылыми жобамен Нұр-Сұлтан қаласына жаолдама алдыңыз. «Менің алғашқы сапарым» тақырыбына ұсынылған афоризмдердің бірін пайдаланып,
сапарыңыздың 3 күніне күнделік жазыңыз.
Ұсынылған афоризмдер:
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»
Ш.Уәлиханов
«Білім-ең маңызды аспап»
Билл Гейтс
«Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»
Әл-Фараби
Достық пен татулықты ту еткен Қазақстан халқы қашанда түрлі ұлт өкілдеріне әрдәйым құшағын аша білген. Қазақ даласындай көңілі дархан, пейілі кең болғандықтан, ешбір ұлтты алаламай, қазақ ұлтынан кем көрмеген. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті –ауызбіршілікте екені белгілі. Бір үйдің адамдарындай араласып – құраласып, үйлесім таба білген халықтар жарасымдылығына не жетсін. Ұлт аралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсіресе Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілі топтасқан, демократиялық жолмен дамып келе жатқан еліміз үшін өте қажет. Бұл бағытта еліміз егемендік алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекші. Солардың ең негізгісі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы.
Ассамблеяның негізгі бағыты-еліміздің тарихына терең үңіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, ана тілімізді сақтау және дамыту, ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлінше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі үшан-теңіз екенін айтып кеткен жөн. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкілдерінің міндеттерін айқындап берген болатын. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпіріне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дуниежүзілік деңгейде, біріккен ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алған болатын.