В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Mамикс
Mамикс
15.08.2020 01:20 •  Қазақ тiлi

Сөздердің аудармасын жаз: циркуляция воздуха,засуха,лесные
пожары, промышленные отходы,

Показать ответ
Ответ:
romanowacristi
romanowacristi
04.08.2020 07:45
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kovdalg
kovdalg
01.04.2023 13:32
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.
Кто слово не ценит, тот себя не ценит.

2 Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады.
Зажжённый огонь тело греет, доброе слово – душу.

3 Қиыстырып қаласаң отын жанар, қиыстырып айтсаң халық нанар.
Если ладно сложишь, дрова загорятся; если складно скажешь, люди поверят.

4 Ми ойлағанды тіл тындырады.
Что в голове зарождается, язык на свет выдает.

5 Жыланның уы – тісінде, адамның уы – тілінде.
Яд змеи – в зубах, яд человека – в языке.

6 Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.
Плохое слово до слёз доводит, хорошее слово утешает.

7 Құлаққа кірген суық сөз – көңіліңе барып мұз болар.
Вошедшее в ухо холодное слово, в душе льдом становится.

8 Жаман сөз – жанға кірген тікен.
Дурное слово занозой вонзается в душу.

9 Өсекшінің тілі қышып тұрады.
У сплетника язык чешется.

10 Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Многословие – серебро, молчание – золото.

11 Айтылған сөз – атылған оқпен бірдей.
Сказанное слово выстрелянной пуле подобно.

12 Ойнап айтсаң да ойлап айт.
Говоря в шутку, продумав говори.

13 Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз.
Глаза украшают лицо, слово украшает уста.

14 Әңгіме жол қысқартады.
Приятная беседа дорогу сокращает.

15 Жақсы сөз – жан азығы.
Хорошее слово – пища для души.

16 Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Говори не о том, что вычитал, а о том, что осмыслил.

17 Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
Куда человек сам не может ступить, дойдут его слова.

18 Сұраумен Меккеге барасың.
Спрашивая, можно до Мекки дойти.

19 Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас.
Щедрый о том, что отдал, не скажет, джигит от того, что сказал, не отступит.

20 Ит үреді, керуен көшеді.
Собака лает, караван идёт.

21 Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.
Умный и собой ладен и речь у него складная.

22 Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Веревка хороша длинная, а речь – короткая.

23 Тіл – көңілдің кілті.
Язык – ключ к душе человека.

24 Аузы жаман елді былғар.
Сплетник пачкает честных людей.

25 Жыртық үйді жел табар.
Ветер находит рваную юрту (правда побеждает ложь).

26 Түйе көтермегенді тіл көтереді.
Что верблюд поднять не сможет, то поднимет язык (слово).

27 Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады.
Много повидав, становятся вождями, много раз выступая, становятся ораторами.

28 Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған шешен аттан түсіріпті.
Батыра, с сабли которого капала кровь, заставил спешиться красноречивый, с языка которого капал мёд.

29 Көздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал.
Краса лица – глаза, краса уст – слово, краса слов – пословица.

30 Құрғақ сөз ба ауыртар.
Пустые слова тоже боль причиняют.

31 Өнер алды – қызыл тіл.
Высшее искусство – красноречие.

32 Тұз – астың дәмін келтiреді, мақал – сөздің мәнін келтіреді.
Соль проявит вкус пищи, пословица донесёт смысл речи.

33 Ұзын шапан аяғыңа оралады, ұзын тiл мойныңа оралады.
Длинный чапан обвивает ноги, а длинный язык – шею.

34 Көзбен көрген анық, құлақпен естіген танық.
Увиденное глазами – правда, услышанное ушами – неизвестность (Не всё то правда, что люди говорят).

35 У ішкен бір рет өледі, ант ішкен мың рет өледі.
Принявший яд умирает один раз, давший клятву – тысячу раз.

36 Тура сөз туғанына жақпас.
Правдивое слово родному не по душе (правда глаза колет).

37 Жаман айтпай, жақсы жоқ.
Не сказав плохое, не будет хорошего (нет худа без добра).

38 Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады.
Знающий скажет умело, невежда укусит (словами).

тамған тiлден у да тамады.
С языка, источающего мёд, может и яд капать.

40 Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады.
Кто болтает – по миру пойдёт, кто действует – добра наживёт.

41 Алмас қылыш майданда серік, асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
Алмазный клинок – друг в бою, доброе слово – друг и в бою и на пиру.

42 Аз сөйле, көп істе.
Меньше говори, больше делай.

43 Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
Вода горы и камни разрушает, слово дружбу разбивает.

44 Жақсы сөз – жан ырысы.
Доброе слово – душевная опора (счастье).

45 Аз сөйле, көп сөйле, ойланып сөйле.
Много или мало говоришь – говори подумав.

46 Каhарлы сөз қамал бұзар.
Мужественное слово и крепости покоряет.

47 От тәнді жылытар, жақсы сөз жанды жылытар.
Огонь тело греет, доброе слово душу согреет.

48 Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.
Рана от копья затянется, рана от слова останется.

49 Орынсыз сөз өзіңе тиер.
Слово не к месту сказать, только себя наказать.

50 Ауыр жүк иығыңды басар, ауыр сөз еңсеңді басар.
Тяжёлая ноша на плечи давит, от тяжёлого слова духом падаешь.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота