Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері бағзы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.
Абай мен Ш.Құдайбердіұлының мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері қос ғұлама есімі ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Шәкәрім әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Ш.Құдайбердіұлыұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы. Осы жайында академик З.Ахметов: «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Шәкәрәм қандай қажет болса, Ш.Құдайбердіұлының дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» [1, 32-б.] деп, Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиетіндегі маңызын айрықша атап көрсетсе, «Шәкәрім өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», деп ескертеді ғалым . Демек, Ш.Құдайбердіұлының көркемдік-эстетикалық нысанасы, суреткерлік тұрғысы, шығармашылық ойлау даралығының Абайдың көркемдік үлгі-өнегелерінен бастау алатыны сөзсіз.
Ғылыми жұмыста Абай мұрасының Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына тигізген игі ықпалы, атап айтқанда ақын мұрасының жазушының көркем туындыларына еніп, эстетикалық танымдағы сөз қолданыстарын меңгергендігі мен шығармашылық тұрғыдан жетілдіргенін айқындайтын нақты талдаулар жасалды. Еңбекте қазақ әдебиетінің қос заңғары Абай мен Ш.Құдайбердіұлының әлеміндегі рухани сабақтастық, көркемдік тұтастық, дәстүр мен жаңашылдық, табиғи тамырластық мәселесін салыстыра отырып саралау көзделді.
Менің арманым