Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.
Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.
Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған.
Қазақ халқының ұғымында дүниені құраушы төрт түрлі тек бар, олар: жер, су, жел, от. Шындығында, қазіргі ғылыми түсінік бойынша, бұлар заттың төрт күйі. «Жер» — қатты зат, «су» — сұйық зат, «жел» — газ тәрізді, «от» — плазмалық күй. Осы төрт затты төрт түлік малдың негізі деп түсінген. Жылқы — желден, қой — оттан, түйе – сордан (жер), сиыр – судан жаралған деген түсініктерде құнды ой жатыр.Үргеніш шешені: - Сөз, су, жол анасы не? деп сұрайды. Сырым батыр: - Сөздікі — құлақ, судікі— бұлақ, жолдікі — тұяқ! — деп жауап береді. Үргеніш шешені: - Дау, сауда, Қыз, жол мұраты не? — дейді. Сырым батыр: - Даудікі — біту, сауданікі— ұту, қыздікі— кету, жолдікі- жету, — дейді.
Толық мақаласы: Есік обасы