- Сағаттың шықылдағы емес ермек Ақыл анық байқаған қылығыңды, Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек, ол білдірмек. Қу шыққансып қарасып, босқа бұлдыр Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Күн жайылып ай болды, он екі ай Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Жыл жайылып, қартайып қылғаны Сағаттың өзі – ұры шықылдаған, бұл. Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік кыл Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр әлде тындыр. (Абай Кунанбаев) СОТАВИТЬ ДИОЛОГ
Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, бірінші тоқсан да аяқталып, күзгі демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы күзгі демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та,түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күзгі демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
«Менің арман мектебім» шағын шығарма.
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Енді бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші? «Менің арман мектебім қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейін. Әрине, ең алдымен жаңадан салынған не болмаса күрделі жөндеуден өткізілген, толықтай жаңартылған мектепте оқығанды армандаймын. Одан кейін – мектеп толықтай цифрландырылып, соңғы техникалық оқу – құралдарымен, зертханалық кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілсе деймін. Одан кейінгі тілегім, шетелдегідей қашықтықтан оқыту технолоиясы енгізілсе, тіптен керемет болар еді. Мысалға, ауырып қалған күндердің сабағын үйден отырып оқып, дайындалсаң, құрбыларыңнан еш қалмайсың.
Қазірге бұл арман болып көрінгенімен, жақын болашақта мүмкін болады деп сенемін.