Сабақ мақсаты: А. Құнанбаев «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңіндегі белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасап, маңызын бүгінгі өмірмен байланыстыра, өз пікірін дәлелдейді. Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап.
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы
. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп-жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.
Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!
Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.
Тапсырма: Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
——————
Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті
——————————
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
——————————-
Тұрлаусыз ғашық – тұл
————————————
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
—————————————
Досы жоқпен сырлас
—————————————
Асыл сөзді іздесең,
—————————————
Тапсырма: Пушкиннің «Күз» өлеңімен салыстыру.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» Пушкиннің «Күз» өлеңі
Дескриптор:
Өлең негізгі ерекшелігін анықтайды;
Салыстыра дәлеледейді;
Ойын жүйелі жеткізеді;
Қазіргі таңда қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады,және бұл дұрыс па?!Менің ойымша бұл дұрыс нәрсе емес!Әр елдің өз салт-дәстүрі бар.Сол секілді қазақ халқында да өзіне тән,сай этникалық және діни салт-дәстүрлері бар.Бірақ қазір көбісі ұмытылған.Немесе айта кетерліктей өзгертіліп,бұрмаланып жатады.Бұл әрине адам құптарлықтай нәрсе емес.Қазақ дәстүрлеріне сенбейтіндер де жетеді.Бірақ қазақ халқындағы барлық дәстүр де ойға қонымды,тарихи маңызы да бар.Неге осындай елде тұрып,тамаша салт-дәстүрлеріміз бола тұра өзгертеді екенбіз?!Мен өз елімнің салты мен дәстүрімен мақтанамын!
Объяснение: лайк❤️
ответ: қоғамдық қызметі
А. Байтұрсыновтың есімі Алашорда үкіметімен тығыз байланыста болғандықтан, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Себебі зерттеу нысанасының ауқымы өте кең әрі тым қайшылықты. Сол себептен қайраткердің өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи құбылыстар мен саяси оқиғаларға барынша терең үңілуге тура келеді. А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған саяси сенімсіз деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.
1913 жылдан бастап Қазақ атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың һәм құлағы, һәм көзі және нағыз жанашырына айналды.
педогогикалық қызметі
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң өзiнде бұған қазақ даласындағы көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын тек қана шығыстану, педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. Ол ағартушылардың арасындағы оқу-бiлiмнiң пайдасы халыққа тек қоғамдық жағдайды түзегенде ғана пайдалы болмақ деп санағандардың бiрi болды. Өзi сан рет патшалық жүйенiң саясатына қарсы шығып, жергiлiктi шенеунiктердiң жүгенсiздiгiн әшкерелейдi. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен кейiн ол бұқара халықты ашық түрде басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын жазған петиция жолдайды. Хатқа қол қойғандардың барлығы патша күзетiнiң қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.
Объяснение: