Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 1-тапсырма. Мәтіннен алынған үзіндіні орысшаға аударыңыз.
Облыстың аумағында газдың және газдық конденсаттың, мұнайдың, боратты қазбалардың, жанғыш сланцтардың, калий-магний тұздары, цемент шикізатының, керамзит батпағының, құрылыс және аллювиалдік құм кеніштері бар. Бұл қорлар оларды өнеркәсіптік өңдеуге және ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2-тапсырма. Лекция арқылы мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Батыс Қазақстан облысы қай жылы құрылды?
2. Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайы қандай?
3. Шығыс Қазақстан облысында полиметалл кені қай ғасырдан бастап өндірілуде?
4. Шығыс Қазақстан облысы қай мемлекеттермен шектеседі?
5. Неологизм дегеніміз не?
3-тапсырма. 5 неологизм сөз жаз.
Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұраубелгілерімен дараланып тұрады.
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.
Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиеттекездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл).Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)[2]
Аспаз- ол әрине ғалым,суретші емес ,бірақ олда өнерден қалыс қалатын мамандық емес. Тағамға қандай өнім қосу-қоспауын, қалай дайындау , қалай сәндеу керек екенін білуі қажет,Себебі тағам тек дәмді ғана емес адамның тәбетін ашатындай реңді болуы қажет. Бұның барлығы аспазшының бойында табылуы қажет.
Иә, шыны керек адам өзі қалаған тамағын жегісі келеді, бірақ артық салмақ , денсаулығын бұзамынба деп қорқады. Сондықтан бұрдай жағдайды аспаз есінде алып тек дәрумендермен байытылған тамақтар жасай білуі керек. Аспаздар тек осылармен ғана шектелмей шет елдік тамқтарды біліп дайындауы керек.
Бұның барлығы аспазшының жұмысы өте қызық және қажет мамандық екенін дәлелдейді