Табиғат-құдіреттің тіршілікке тарту еткен ең үлкен сыйлығы – ана. Жер бетінде қыбыр еткен жан атаулы анадан туады, ананың махаббатына бөленеді. Он сегіз мың ғаламның мызғымайтын бір заңы болса, ол - ананың перзентіне деген махаббаты.
Бала кезімнен ынтыға тыңдайтын бір ертегіде “кірпі баласын жұмсағым дер, қарға баласын аппағым дер ” деп келетін ғажап сөз бар еді.
“ Ішінен шыққаны шұбар жылан ” болса да, сүйюден, аялаудан танбайтын ана жүрегі қандай жомарт, мәрт, нағыз асыл десеңші?!
Ойлап көріңізші, анадан не қымбатты, ә? Зор күнә ғой ана жайлы тіл қатпау?! Талай ана сәбиі үшін ұйқысыз, тал бесікті таянумен түн қатты-ау. Ана жайлы тіл қатпау - зор күнә болса, “ ана жайлы жан-жүрегіңмен құлай беріліп, сезініп, сүйіп, сүйсініп тіл қату - зор ерлік” дер едім.
Осы ерлікті істеуге санасында сәулесі бар әр а міндетті деп ойлаймын, ендеше, тәуекел! Мен де өз көңілімнен ардақты жан анаға деген жүрек сырымды ақтарып көрейін.
Ана! Осы үш әріптен құралған сөзге қаншама мағына ұялаған. Ана – ыстық от, жылы жүрек. Ана – сенімім, үмітім. Ана – бауырым елжіреп, сарыла күтетін сағынышым. Ана – асқарым, биігім, мұратым, мақтанышым. Мен үшін ана – осының бәрі, әсіресе, айтарым – ол бүкіл саналы ғұмырымның мән-мағынасы.
“Шешесін көріп қызын ал” деген халқымыз, менің анам – менің болашағымның айнасы. “Жұмақтың кілті ананың аяғының астында ” деген екен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с), ал қазақ халқы әйел затын ерекше қадір тұтқан. Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла берсін, тұяғы тасқа салса, кетілер, суға салса, жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп, бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.
“Қарлығаш әулие” атанған Төле бабамыз шаңырығына ұялаған қарлығаштың балапаны жетілгенше, көшпей отырыпты. Бұл да құс екеш ана-құстың балапанына деген махаббатын аялаған, халқымыздың даналарының үлгілі істерінің бірі. Обал мен сауапқа аса сақ қарайтын халқымыздың тұлпар туған биені соймайтын жақсы дәстүрі болған. Бұл – адамның анасын былай қойып, малдың да анасын қасиет тұту. Анаға деген қазақы құрметтің қаншалықты дәрежеде биік екені осыдан-ақ байқалмай ма? Халық арасында “Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың” дейтін қанатты сөз ананың қадірін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей, аялап ғұмыр кешу деп ұғамын. А ең бірінші, анаға қарыздар. Өйткені адамгершілікке тәрбиелеп, жақсылыққа үйрететін алғашқы ұстазың – анаң. Ананың балаға, баланың анаға деген махаббаты – мәңгілік ұлы сезім. Өнерде өлмейтін екі тақырып болса, соның бірі - ана, бірі – махаббат. Шығармашылық өмірінде бір туындысын анаға, әйел затына арнамаған өнер иесі жоқ деуге болады. Сонау Леонардо да Винчиден бастап, күні кешегі Ғабит Мүсіреповтер, одан кейінгі, осы күнгі классиктердің ұлылығы да олардың ананы, әйел затын терең түсініп, көркем суреттеп, классикалық ғажап деңгейде өнер өзегі етіп алуында, бір ғана мысал, Шәмшінің “Ана туралы жыр ” әнін алайықшы. Керемет дүние емес пе? Бұл әнге балқымаған, елжіремеген жүрек жоқ шығар. Өйткені ол ән адам жүрегінің жалғыз жебеушісі, өзіне өмір сыйлаған ардақтысына арналған емес пе? Шәмшінің бұл әні – Ана туралы әнұран. “Жігіттің жақсысы нағашыдан” дейді дана халқымыз. Жақсы адамның анасы туралы “жатыры асыл ” деп жатады. Мұның бәрі адамның адамдық қасиеттері ана сүтінен сіңетінін тағы бір дәлелдеп өтетін мысалдар. Сөз басында мен : “ Ана туралы тіл қату – тілдің зор ерлігі”, - деп айтқан едім. Оның себебі, ана жүрегінің өзі ерлік жасауға құмар құдірет иесі. Ананың ерлігі – баласын өз жанынан артық сүюі. Ел аузында жүрген аңыз - ана жүрегінің осы ерлігін паш етеді. Аңыз былай дейді: “ Баяғыда бір жігіт көркі елден асқан сұлу қызға есі кете ғашық болыпты. Қол жеткізбес сұлу күндердің күнінде өзіне ғашық жігітке “ Алам десең аруды, анаңның ап кел жүрегін” деп шарт қояды. Сезімнің соқыр жетегіне ерген жігіт есі ауып, анасын өлтіруге мәжбүр болады. Шешесінің дірілдеген ет жүрегін жұмырына жұма салып, ғашығына қарай асықса керек . Бір сәтте аты сүрініп, жігіт жерге құлап түседі. Дәл сол кезде анадайға ұшып кеткен анасының жүрегі: “Бір жеріңді ауыртып алмадың ба , құлыным”, - деп бүлкілдепті”.
Ана жүрегі деген, міне, осы! Нағыз махаббат, аналық махаббат, нағыз ерлік!
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар мән-мазмұнын жойған жоқ. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы бірінші спартакиядаға дайындық кезеңі үлкен серпіәліс тудырды. Оған облыс, тіпті әрбір аудан ат салысып спартакияданың табысчты өтуіне үлестерін қосты. Әрбір аудандарда жарысты өткізу ережелері жасалып бекітілді. Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа спорт түрлеріне разряд беру талаптары әлі белгілленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкпар секілді ат спортына да көңіл аударған жөн сияқты. Қазақтың ұлттық спорт түрлеріне әзірге одақ көлеміне белгілісі – қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қатағанда әбден қалыптасқан. Қазақша күресті жетілдіріп одақ көлеміне әйгілі етуге ат салысқан М.Рақымқұлов, М.Тәнекеев, К.Байдосов, С.Сатыбалдиев, Ж.Төлегенов, Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров, Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды. Баспаларда қазақ тілінде бұрын соңды ұлттық спорт жайлы көлемді еңбек басылып шыққан жоқ. Сондай-ақ бұл қазақша күрестің ең соңғы ережелері 1989 жылы жасалынып беріліп отыр.Ұлттық спорт түрлері – қазақша күрес, бәйге, аламан бәйге, қыз жарысы, аударыспақ, көкпар, күміс алу, тоғызқұмалақ т.б. Қавзақша күрес көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етеді мұндай беелдеуден қос қолдап бір қолдан ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады. 1978 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс тәсілдерді түгелдей қамтыған біріңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың біріінші республикалық спортакиядасында алғаш рет салмақ катигориясы бойынша жеңіл салмақ 68кг, орта салмақ 76кг, ауыр салмқ 76дан жоғары жарыс өтті. Республиканың құрметті чемпионы деген атты салмақ катигориялары бойынша Семей облысының өкілдері С.Адасқанов, К.Алтыынбасаров, И.Туменов жеңіп алды.
#БОЗБАЛА
#БОЙЖЕТКЕН
#ЛАЙФСТАЙЛ
#АЙНА
#БІЛІМ
#МӘҢГІЛІК ЕЛ
ЖЕКЕ
БЛОГ
Ана - ардақты есім...
01 қазан 2013, 20:00
Інкәр Абылқасым
Жұмақтың кілті ананың аяғының астында
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с)

Объяснение:

вот