Салалас құрмалас сөйлем болмайтын қатарды көрсетіңіз. *
Ән - халық үні, жыр - оның шындығы, оның ойы мен сезімі.
Музыканы халық тудырады, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейді.
Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл -күй әлемі.
Біздің халық суат басын былғамай, бастауларын аршып, құдықтарын тазалап, үйлерінің маңын таза үстайтын.
Халқымызды әнді өмір айнасы деп бекер айтпайды, ән - халықтың рухани байлығы.
Көнерген сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз. *
Әбділдә, оқыдым, айтқаның дұрыс екен.
Жұрт қыстауға кіре сүзек басталды.
Сол сұлу атқан таңдай сұлу екен.
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?
Қырық бес - егденің жасы.
Адамдар арасында қарым - қатынасқа ұйытқы болатын сөйлеу этикеттерін белгілеңіз. *
құттықтау, амандасу
интонация
экспрессия
тілдік норма
тілдік қажеттілік
Әлеуметтік - тұрмыстық мазмұнды шешендік сөдерге не жататынын анықтаңыз. *
Діни уағыз, құран сөдері.
Айыпталушының сөзі, қорғаушының сөзі.
Мерейтойдағы сөйленетін сөз.
Саяси шолу, репортаж.
Ғылыми шолу, ғылыми мақала.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз. *
Оның неге жымиғанын аңдып қалған шешесі: Абайласаңшы балам деді. Шыныаяқты төгіп ала жаздадың ғой.
Оның неге жымиғанын аңдып қалған шешесі: - Абайласаңшы, балам, - деді. - Шыныаяқты төгіп ала жаздадың ғой.
Оның неге жымиғанын, аңдып қалған шешесі - Абайласаңшы, балам деді. - Шыныаяқты төгіп ала жаздадың ғой.
Оның неге жымиғанын аңдып қалған шешесі Абайласаңшы, балам деді. - Шыныаяқты төгіп ала жаздадың ғой.
Оның неге жымиғанын аңдып қалған шешесі - Абайласаңшы балам деді: - Шыныаяқты төгіп ала жаздадың ғой.
Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз. *
Ағаш өңдеу, адал бақан.
Сықпа құрт, суық хабар.
Сән құмар, сасық кеуде.
Аб жылан, ақ сұңқар.
Патша ағзам, мүйіз шақша.
Қайталану арқылы есімдер тобынан жасалған күрделі сөзді анықтаңыз. *
Үй - үйдің төбесінен шүйкедей шұбатылып көк түтін шығады.
Қызыл армияның шабуылы бірте - бірте үдей түсті.
Үйді - үйдің төбесінен шүйкедей шұбатылып көк түтін шығады.
Төбеде мелшиген көк аспан, жоғары - төмен жөңгілген бұлттар.
Сылқ - сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар.
Баяндауыш құрамында келіп, сұраулы сөйлем жасауға лайық болатын қатарды белгілеңіз. *
Көмекші етістік.
Одағай сөздер.
Шылау.
Дауыс ырғағы.
Есімдік.
Сөйлемдегі жетпей тұрған тыныс белгілерін көрсетіңіз. «Алыстан сермеп» «Татьяна» «Көзімнің қарасы» бәрі де Абайдың бірде ел мұңымен күңіренген , біресе жан сырымен шерленген саздары... *
Сызықша, қос нүкте, жақша.
Жақша, үтір, үтір.
Нүктелі үтір,жақша, сызықша.
Қос нүкте, жақша, үтір.
Үтір, үтір, сызықша.
Шешендік сөздің әсерлілігіне қатысты тілдік сапаны анықтаңыз. *
Дауыс мәнерін сақтамау.
Сөзді мағынасына қарай орынды қолдану.
Диалект сөздер қолдану.
Жалдам, тез сөйлеу.
Сөз мағынасын жетік білмеу.
Қарым –қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі бар стиль түрін ажыратыңыз. *
Ауызекі сөйлеу стилі.
Публицистикалық стиль.
Ресми іс- қағаздар стилі.
Ғылыми стиль.
Көркем әдебиет стилі.
Табыс септігіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз. *
Жолда келе жатып, өзінің артық кеткенін сезді.
Естігенінің ештеңесін қалдырмай сол күні –ақ жеткізген.
Көрпе – төсектің біразын қағып – сілкіп берген.
Тағы да бірнеше модель жасады.
Біреуге күніңді түсірмесін.
Толымды сөйлемді табыңыз. *
Кеше тағайындап кеткен болатын.
Игіліктен төмен орынды көрсетті.
Әйел – ана барлық қиындықтарды жеңеді.
Сері қайным, бері келсеңші.
Бейпіл сөзіңізді естіген емеспіз