Салыстырыңыз. Олардың жанры мен стилін анықтаңыз. ын түрғысынан
Аметін
Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар
киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ!
Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан
алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған
көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға
күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия
тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте
қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа
коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз
демалыс күндері де ашық. «Балақай» дүкені. Сіз үшін тек ең жақсысы! Біздің
мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, Орталық әмбебап
дүкені, 2-қабат, 56-бутик.
Әметіні
«YES шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып
келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін
үйренудегі мақсаттарына қол
қол жеткізді.
жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында
оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді
тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.
Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком адіс арқылы өзіміздің тіл
үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана
өтеді! Біздің сабақтар қарым қатынас тәжірибесіне бағдарланған
«YES, шет тілдер мектебі - әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін
үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы үйым
PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің
шекарасын бұзыңыз! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау
даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 77 555 44 66.
Тапсырма:
Аметіні
әмәтіні
Тақырыбы
қысқаша мазмұны
Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.