"Сараптаймыз!" Әлемдегі ең ірі экстремистік оқиға туралы ақпарат жинаңдар. Сол оқиға туралы пікірлеріңді тұсаукесер түрінде баяндаңдар. Тұсаукесер қойылатын талаптар:
• слайд-шоу түрінде;
• оқиғаға қатысты статистикалық мәліметтер келтіру;
• сол оқиғаға қатысты сарапшылардың пікірлерін талдау;
• өздерінің көзқарастарын дәйектеу;
• оның адамзат тарихындағы рөлін бағалау;
• сынып оқушыларының тұсаукесер тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарына жауап беру.
1 жауап
Әли Қайрат 28.04.2017 жауап берді
Нысан абыз бейнесі кездесетін «Еңлік-Кебек» оқиғасы он сегізінші ғасырдың үшінші ширегінде, дәлірек топшылағанда 1770-1780 жылдардың аралығында Шыңғыс тауының алқабындағы Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен. Ол оқиғада мынадай тарихи шындық ізі жатыр: Қазақ басына ауыр күн туған заманда жоңғар шапқыншылығынан ығысқан қазақ елінің дені Сыр бойын сағалайды. Сарыарқа иен қалады. Тобықты ол кезде Қаратауды мекен еткен екен. Жоңғарлықтарды өкшелей қуған жұрт өзіне жол-жөнекей ұнаған жерлерге қоныстанған. Тобықты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елімен Ертісті өрлеп барып, жоғары ағысына мекен етуді көздейді. Алайда олардан бұрын келген қалың найман мен керей Ертісті қапталдай жайғасады. Сондықтан да олар Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен матайлардың арасына сыналай тұрақ тебеді. Жер дауы, жесір дауы өршиді. Мұның соңы тобықты Бақай батыр мен сыбан Маян батырдың жекпе-жегіне ұласады. Екеуі де қаза табады. Осы оқиғадан соң тобықты мен матай арасындағы қызыл жаулыққа әкеледі. Міне, осы кезде Еңлік-Кебек оқиғасы бұрқ ете түседі. М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді. Еңлік – Кебек оқиғасына байланысты жазылған туындылардағы әлеуметтік тартыс, трагедиялық дау-дамайдың түп тамырында сонау ел басына күн туып, есіл жұрт үдере көшіп, қоныс іздеген тарихи кезеңнің зардаптары жатыр. Шығармаларда найман көптігінен тобықтының сескенетіні айтылғандығы болмаса, бұл тікелей сөз болмайды. Дегенмен, Еңлік пен Кебектің махаббат сапарында қайғылы қазаға ұшырауын тарихи оқиғалар аясындағы қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді. Еңлік пен Кебек оқиғасының драматизмін «ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан» кейінгі қайғылы ел тарихының ауыр жағдайы, ру мен ру арасындағы тартыс, рубасылардың арасындағы бітіспес кикілжің, қазақтың баласын бесікте айттырып қоятын, қыз баланы малға қалыңмалға сататын ескілік салты — бәрі-бәрі қосылып матастырып, қояландырып жібереді. Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет ба з бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды. Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты. Мағауия Абайұлы да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған. «Еңлік – Кебек» оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. «Еңлік-Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.
Ақынның мұны ғажайып тартысты ойдан шығару емес, сол адам нанғысыз оқиғаны өмip заңдарымен дәлелдей білуде». Бұл айтылған пікірлердің қайсысы да шығарма шындығының төркіні өмірдің өз ағымынан туатынын қуаттайды. Ш.Құдайбердиевтің адам бостандығы туралы заман идеясына үн қосу қадамынан туған ғашықтық тақырыбындағы поэмалары осы махаббат деген ұлы сезімнің барлық уақыттарда бірдей, бip қалыпты, бip мөлшерде таныла, бағалана бермегенін білдіреді.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.