*Сарын — ән жанрының речитативті саласының бір түрі. Поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған халық шығармашылығы. Сарын жыраулардың философиялық толғауларында (Қорқыт пен Асан Қайғы сарындары) кеңінен қолданылған. Сарын күй Сарыны, бақсы Сарыны, терме-толғау Сарыны болып бірнеше түрге бөлінеді. Бақсы Сарынында бақсы қобызда ойнап, неше түрлі адам таңғаларлық іс-қимылдар жасап, ерекше сарынына басып, ауруды емдеуге әрекеттенген. Халық арасында байырғы ән-әуен түрлері де Сарын аталады.
Қазақстанның солтүстік шығыс облыстарында «сарын» сөзі бақсы сарыны және тұрмыс-салт әндері терминдеріменен бірігіп, қоса қолданылады. Мысалы, «Жар-жар» сарыны, «Беташар» сарыны, «Қыз сыңсу» сарыны Т.Б.*