Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
мнетожы