Саяхатшы қалағанын көреді, турист көрсеткенді ғана көреді деген сөз бар. диалогтегі ойды әрі қарай жалғастырып жаз. әйгерім: өзіңізге ең қажетті деген аздаған затты алып, жалғыз саяхаттау мен арнайы тур арқылы топпен автобусқа отырып саяхаттаудың екі бөлек дүние екенін білесіз бе? перизат: әрине, бірақ екеуінде де ел аралап, жаңа әсерлер аламыз ғой? жоқ, қателесесіз, перизат
22-жаттығу.
Ребустың жауабы: достық.
Достық туралы әңгіме.
Біз сыныптастарымызды, тобымыздағы студенттерді не жұмысымыздағы әріптестерді таңдай алмаймыз. Ал досты біз таңдай аламыз. Және бұл жолда біз қателеспеуіміз керек. Себебі, достық арқылы өмірдегі қиындықтарды жеңесің, алға жылжисың, өзіңді танисың. Достықты әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін талғамның бір болуы,ал біреулер үшін адамдардың бір-біріне көмек қолын созуы. Бір білетініміз, достық ұлкен істерді істейтін мүмкіндікке ие.
Досымыз - біздің өзіміз. Жанымыздағы жақын досымызға қарап адамдар бізді таниды. Сондықтан да өмірде адал досты таңдау - ол өз қолымызда.
Сотқар мысық.
Күздің бір күнінде Арманның сары ала мысығы үйден шығып бақты аралап жүреді. Бір мезетте ағаш түбінде жүрген кірпіні көзіп шалып қалады. Мысық аңдап кірпінің қасына тақады. Бұны сезіп қалған кірпі дәл сол мезетте денесін жасырып, инелерін шығарып домаланып жатып алды. Мысық оны қозғалта алмады. Ақыр соңында кірпінің арқасынан тырнақтарымен салып қалып еді, қан саулай жөнелді. Мысық жан ұшыра мияулап үйге әзер жеткен еді. Ал кірпі болса мысықтан құтылғанына қуанып тіршілігін жалғастыра берді.