Құсбегілік - бүркіт , ителгі , қаршыға , қырғи , тұйғын , тұрымтай , сұңқар , лашын , жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп , аңға , құсқа салатын саятшылық өнер . Құсбегілік қазақ , қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады . Құсбегілік көңілді , әсерлі , қызығы мол демалыс саналады . « Құсбегі » деп аң аулау мақсатымен жыртқыш құстарды қолға үйрететін адамды айтады . Құс салуға бірнеше кiсi шығады . Қыран ұстаған құсбегi бир барып тұрады . Қалғандары дабыл қағады , аң мен үйрек - қазды үркітеді . Құсбегі оларды көре салып , қыранның томағасын ағытып , ұшырады .ПЕРЕВОД
Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. .Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар.
Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін.
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.