Биыл Тәуелсіз Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін жариялады. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның тəуелсіздікті алуына себепші болды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы өркениетті, дамыған, зайырлы мемлекет болды. Бұл əрине Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың арқасы! Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз дами берсін!
(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!