Жетім қыздың монологы Ф Оңғарсынова Адамдар, қаталсыңдар! Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар. Жалғыздықтан зарығып ашынғанда Мен сендерді асылдар деп ем, Жоқ! Тас екен жүректерің де, Шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде. Өздерің оны көлгірсіп жасырғанменен, Мейірімге сараңсыңдар! Түбі содан жазым да табарсыңдар. Бір жылы көзқарастарыңа зарыққанымда Соның өзі-ақ бақыт қой, қамыққан ұлға! Найзағайдай атқылап жанарларың да, Біржола сөніп үмітім, балаң жаным да. Жыртқыштар қамап алғандай тарықпадым ба? Әділеттен жұрдайсыңдар! Тақсырет тартпай бір тынбайсыңдар Жала тартып, сендерге жүгіндім барып Тас мүсіндеріңнен түңілдім налып Тағдырым менің титтей де елеңдетпеді, Бейжайлықтарың қорқытты, керең беттегі. Мен емес, сендер екенсіңдер бүгінгі ғаріп. Адалдыққа тапшысыңдар! Әрине, данышпансығанда жақсысыңдар Өзгенің қасіреттеріне қарайсыңдар қалайша есінеп мүлде?! Бәрібір екен, сендердің көмкерлеріңе Біреулердің көзінен жас кетпеді, бұл күнде ұғындық бәрін... О, адамдар! Сендердің зұлымдықтарың шыдатпай өртеді мені де Не деген пасық едіңдер! Шуақсыз қурайды емес пе жасыл егіндер? Мейірім аңсап, жүрегім қансырап тұрған, Зұлымдықтарыңмен қамшылап тыңнан Жанымда үміт, сенімдер түгесілгенде Лақтырып тастап кеттіңдер, күресін жерге Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де! Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де, Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме? Мейірімге ғана мұқтажбын...
Міне,көп ұзамай 9-сыныпқа да қадам басқан едім.Мектеп бітіруіме аз қалғанына сенерімді не сенбесімді білмей жүрмін.Болашақ туралы ойлануды бастау керек.Келешекте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болуды армандаймын.Сол себепті мектеп ішінде болатын не қалалық,облыстық қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаларға қатысқым келеді.Олимпиадаларға қатыса отырып сен өзіңе тәжірибе жинайсың деген маған ұстазым.Қазіргі таңда оқу жылының басы болса да көптеген жоспарларым бар.Солардың бірі – қазақ тілі олимпиадасына белсене қатысу.
Қосымша:
Көмекші сөздер — лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер.Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді.

Мәтін
Қазақ тілі олимпиадасына қатысқым келеді.