Жабайы ара — шаншартұмсық жарғақ қанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер тобы. Олардың 22 мыңнан аса түрлері белгілі. Жабайы араға жалтырауық жабайы ара, тескіш жабайы ара, қатпарқанатты жабайы ара, тағы басқа жатады. Жабайы араның көбі жеке, тек қатпарқанатты жабайы ара мен тескіш жабайы араның кейбір түрлері қауымдасып тіршілік етеді. Ересек жабайы ара гүл шырынымен қоректенеді. Кейбір қауымдасып тіршілік ететін жабайы ара, мысалға, гүлдің жабайы арасы гүл шырынымен және тозаңымен өз дернәсілдерін қоректендіреді. Жабайы араның көбісінің дернәсілдері ұяшықта аналық аралар жинаған қорекпен (жәндіктер, өрмекшілер) қоректеніп, дамиды. Жабайы араның көпшілігі пайдалы: зиянды жәндіктерді жояды және өсімдіктерді тозаңдандырады. Тек кейбір түрлері бал араларына шабуыл жасап, ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.