Сделай кластер по тексту.
Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Өз басы кішіпейіл, еңбекқор, елгезек, жарқын жүзді адам болды. Шоқан 1847 жылы, 12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде, орысша бір ауыз сөз білмеген. Өзінің зеректігі, алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген. Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым, философия, көркем әдебиет кітаптарын оқып, әлеуметтік тіршілікк жылысфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады. Алматы, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады. 1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз, Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.
1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.
Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік
Салалас құрмалас сөйлем:
1. Мен апама бәліш апардым да,сыртқа ойнауға шығып кеттім. (ыңғайлас с.қ.с)
2. Ол сыныптағы оқушылар сабақты жақсы оқиды,бірақ өзара ұйымшылдық жоқ. (қарсылықты с.қ.с)
3. Айна бүгін жатақханаға қонбайды,себебі туыстарының үйінде туған күн болады. (себеп-салдар с.қ.с)
4. Ол бірде ән айтады,бірде мәнерлеп өлең де оқиды. (кезектес с.қ.с)
5. Азамат сабаққа күнделікті келіп жүрсін не біз оны оқудан шығарамыз. (талғаулы с.қ.с)
6. Қуанғаны сонша – анасын құшақтай жөнелді (түсіндірмелі с.қ.с)
Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
1. Ол оқуын жақсы аяқтайтын болса,жақсы жұмыс та табылады. (шартты бағыныңқылы)
2. Мен оған қанша айтсам да,сөзімді жерге тастайды (қарсылықты)
3. Әпкесі сыйлықты көріп қоймасын деп,жақсылап сөреге тығып қойды. (себеп бағыныңқылы)
4. Мен үйге келгенге дейін,ол тамақ әзірлеп қойыпты. (мезгіл бағыныңқы)
5. Оның жалғыздықта болғысы келіп,өз бөлмесінің есігін құлттап алды. (мақсат бағыныңқы)
6. Көзіне жас толып,Айнагүл үдйен атып шықты. (қимыл-сын бағыныңқы)