В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ilia62002
ilia62002
14.10.2021 12:21 •  Қазақ тiлi

Сделайте это на казахском все

Показать ответ
Ответ:
artiushkin213
artiushkin213
28.03.2021 20:53

Эссе.

Қазақстанның ғажайып мұралары.

Жоспар.

Кіріспе.

Адамзат тарихының күретамыры.

Негізгі бөлім.

а) Халық мәдениеті.

ә)Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары.

Қорытынды.

«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.

Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»  деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның тарихи, мәдени мұралары ауыз толтырып айтуға жетерлік. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар Бұл – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге, 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ мәдени тарихи мұралар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерделеуіміз керек, келер ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек. Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек! Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Бұл тарихи мұралар еліміздің қазынасы екенін есте сақтайық.

Объяснение:

(Это не моё но надеюсь )

0,0(0 оценок)
Ответ:
dimapoddubny20p08hrm
dimapoddubny20p08hrm
17.05.2022 20:18

Су табиғатты құраушы төрт негізгі элементтердің бірі ретінде мұхиттар, теңіздер, көлдер мен өзендер күйінде қиял-армандар, ертегілер мен өлең-жырларға шабыттандырудың қайнар көзі болған. Түрлі зерттеулерге сәйкес, ұлы өркениет ошақтары әрдайым мол су қоры бар жерлерде пайда болған. Рим империясы, Мысыр және Иран өркениеттері үлкен өзендердің бойында орналасқан. Су әрқашан ұлттардың мәдениетінде үлкен маңызға ие болған. Мысал ретінде ирандықтар арасындағы судың қадірі мен құндылығына сілтеме жасауға болады. Бұрын ирандықтар жыл сайын х.ж.с.б есфанд айының он үшінші жұлдызын «Сулардың Наурызы» деп атап, бұлақтар мен өзендердің басына барып, суды қорғау мақсатында арнайы рәсімдер өткізіп, суларға раушан гүлінің суы «голаб» шашып, себетін болған.

Су әртүрлі діндер мен мазхабтарда маңызды рөлге ие. Барлық діндер судың өмірдің негізі мен гүлденудің қайнар көзі екендігін бірауыздан мойындап отыр. Мәселен, мұсылмандардың қасиетті кітабы, Құран Кәрімде су терең мағынаға ие. Құдай Құранның көптеген аяттарында адамдарға су жайлы ойланып, осы ұлы нығметке шүкіршілік етуді айтқан. Осы аяттарға сәйкес, су өмір сыйлайтын, өмірді сақтаушы, а мен жерді тазалайтын Құдайдың нығметі саналады. Әсіресе, Құранның көптеген аяттарында судың өмір сыйлайтын қасиетіне сілтеме жасалған. Мысалы, «Фурқан» сүресінің 48-49 аяттарында: «Құдай суды бұлттар арқылы төменге жіберді, сол арқылы өлімінен кейін жерге қайтадан өмір сыйлады»,- деп жазылған. Сондықтан, қасиетті Құран Кәрімнің аяттары бойынша, су тек өмір ғана сыйлап қоймайды. Әрбір өмірдің негізі су болып табылады. Құранда су Құдайдың адамнан кейінгі ең құнды жаратылысы саналады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота