Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем құра. 1. Жапондықтар адамнан айнымайтын роботтардың неше түрін ойлап тапты.
2. Олар көңіл күйіне байланысты бет-әлпеті өзгеріп отыратын роботтың түрін дамытуда.
3. «Пит Редмонд» есімді өнертапқыш 2008 жылы «Рубот II» деп аталатын роботты ойлап тапты.
4. Бұл робот рубик кубигті 35 секундта құрастыра алады.
«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.